Лариджани Иранда әртүрлі діндер өкілдерінің тең құқыққа ие екендігін қуаттады
(last modified Thu, 05 Jan 2017 08:13:18 GMT )
Қаң 05, 2017 14:13 Asia/Almaty
  • Лариджани Иранда әртүрлі діндер өкілдерінің тең құқыққа ие екендігін қуаттады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Иран Ислам революциясының Конституциясы әртүрлі діндердің өкілдері арасын бөліп-жармайды»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Мәжілісте 2017 жылдың басталуына орай христиан, ашури және армян өкілдерімен кездесіп, Иранда әртүрлі діндер өкілдерінің тату өмір сүріп жатқанына тоқталып: «Иран Ислам революциясының Конституциясында барлық діндер мен мазхабтар тең құқыққа ие»,-деп баса айтты.

Лариджани жаңа жылмен құттықтап: «Хазірет Иса (ғ.с.) басқа пайғамбарлар сияқты бейбітшілік пен достық жолдауын әкелген. Оның халық арасында әділет, махаббат пен бақытқа толы өмір қалыптастыруға негізделген тәсілі адамзатқа жолнұсқау болуы керек»,-деді.

Ашурилер азшылығының өкілі Йонатан Беткелия, елдің солтүстігіндегі армяндардың өкілі Карен Ханляри мен оңтүстігіндегі армян христиандардың өкілі Жоржик Абрамиян да осы кездесуде аймақтың қазіргі қысылтаяң шағында Иран халқының әртүрлі әлеуметтік топтары арасында бірлік пен ауызбіршілікті сақтау қажеттігін қуаттады.