Түркіменстаннан Иранға тасымалдануы тоқтатылған газдың орны толтырылды
(last modified Thu, 05 Jan 2017 08:44:15 GMT )
Қаң 05, 2017 14:44 Asia/Almaty
  • Түркіменстаннан Иранға тасымалдануы тоқтатылған газдың орны толтырылды

Иранның Ұлттық мұнай компаниясы бас директорының орынбасары: «Түркіменстаннан газ тасымалдау тоқтатылған соң оның орнын толтыру үшін Иранның орталық аймақтарындағы газ өндірісі күніне 300 млн текше метрге арттырылды»,-деді.

Мұнай-газ ақпарат арнасы ШАНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық мұнай компаниясы бас директорының орынбасары Мохсен Пакнежад сәрсенбі күні Иранның орталық аймақтарындағы мұнай компаниясының басқарма кеңесі мүшелерін таныстыру жиналысында осы хабарды жариялап, бұл компанияның Түркіменстаннан импортталуы тоқтатылған газдың орнын толтырудағы рөліне алғыс айтты.

«Түркімен газ» компаниясы 2017 жылдың қаңтар айының бірі күні тосын әрекет жасап, Иранның ұлттық газ компаниясының Түркіменстанға қарызы барын сылтауратып, Иранға газ тасымалдауды тоқтатты.

Түркіменстан 2009 жылда да қақаған қыс кезінде өз газының бағасын көтеру үшін Иранға газ тасымалдауды тоқтатқан болатын.

Иран ұлттық газ компаниясы сәрсенбі күні  кешке Түркіменстаннан  Иранға газ тасымалдаудың тоқтатылғанын хабарлап: «Біздің компания «Түркімен газ» компаниясымен қайшылықты шешу үшін халықаралық сотқа жүгінуді күн тәртібіне қойып отыр»,-деді.

Түркіменстанның бұл шарасы Иранның солтүстігіндегі облыстарда көп қиындық тудырды.