Иран мен Германия сауда- саттық және банк істеріндегі байланысты кеңейтуді қуаттады
Иранның орталық банкінің бас директоры мен Германияның Экономика және энергия министрлігінің мемлекеттік хатшысы екі ел арасындағы сауда- саттық және банк істеріндегі байланысты кеңейту жолындағы кедергілерді тезірек жою қажеттігін қуаттады.
Иранның орталық банкінің бас директоры Уәлиолла Сейф Теһранда өтіп жатқан Иран мен Еуропаның сауда- саттық және банк істерінің екінші форумы аясында Германияның Экономика және энергия министрлігінің мемлекеттік хатшысымен кездесуінде Иран мен Германия арасындағы сауда- саттық байланыстарын кеңейту жолында үлкен кедергінің жоқ екенін мәлімдеді.
Уәлиолла Сейф Германия орталық банкінің бас директорымен өткне кездесуде және осы елдің Экономика министрімен келіссөзде банк істеріндегі байланыстарды қайтадан бастау үшін оң нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты.
Иранның орталық банкінің бас директоры сондай- ақ Иран мен Германияның сауда- саттық байланысын іске асыруды қолдады.
Германияның Экономика және энергия министрлігінің мемлекеттік хатшысы да елі мен Еуропа Одағының Иранмен саяси және экономикалық ауқымды байланыстарын жандандыруға қызығушылық білдіріп, Германия экономикасының Иранмен сауда ынтымақтастығын қайтадан бастауды күтіп отырғанын қуаттады.