Бруджерди Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуді қуаттады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Теһранның әрқашан Сирия дағдарысын сириялық тараптардың келіссөздері сынды саяси жолмен шешуді қолдағанын қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Әлаеддин Бруджерди бейсенбі күні Дамаскте өткен баспасөз отырысында: «Сирияның жеріне рұқсатсыз кірген қарулы күштер шығып, Сирияға өз қауіпсіздігі мен тыныштығын орнатуға рұқсат беруге міндетті»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Сирия дағдарысын шешуге қатысты жақында өтетін Астана келіссөздері туралы: «Бұл келіссөздерден үміт күту керек. Сириялық тараптардың арасындағы келіссөздер өткен бес жылда бұл бірінші рет өтетін келіссөздер емес. Бұрын мұндай келіссөздер Теһран мен Дамаскте өткен, бірақ ДАИШ пен ән-Носрат сынды лаңкестік топтар мәселені саяси жолмен шешуді қаламайды. Сондықтан оларға әскери әрекет еткісі келеді»,- деп баса айтты. Ол Сириядағы Ираннның кеңесшілерінің жұмысын әсерлі әрі пайдалы деп атап, олардың дағдарысты шешуге көмектесуін қуаттады.