Қаң 07, 2017 14:10 Asia/Almaty
  • Он бірінші имамның туған күні құтты болсын!

Бүгін сенбі, раби әс-сани айының сегізінші жұлдызы, яғни 2017 жылдың қаңтар айының жетісі – белгіленген күні құтқарушы жайлы хабар беретін имам Хасан Аскаридың (ғ.с.) туған күні.

Иран халқы он бірінші имамның туған күні қалаларды безендіріп, халыққа тәттілер мен шәрбат таратып, мерекені тойлайды.

Хәзірет имам Хасан Аскари (ғ.с.) хиджра қамари күнтізбесі бойынша 232 жылдың раби әс-сани айының сегізінші жұлдызында Мәдина қаласында дүниеге келген.

Бұл имам шиіттік ой-пікірлерді түсіндіре отырып, жалған діндерді теріске шығарып, Ислам дінінің сақталып, оның таралуына үлес қосқан. Сондай-ақ, хәзірет Махдидің (ғ.) имаматы кезінде мұсылмандардың әрекеттері мен міндеттерін түсіндіріп, оларды соңғы имамның болмайтын кезеңіне дайындады.

ИИР Телерадио бірлестігі әлем мұсылмандарын хәзірет имам Хасан Аскаридың (ғ.с.) туған күнімен құттықтайды.

 

Тегтер