Қаң 07, 2017 23:19 Asia/Almaty
  • Жаһангири аймақтағы өзгерістер мен жағдайды күрделі деп атады

ИИР президентінің бірінші орынбасары аймақтағы жағдай мен өзгерістерді әлем жұртшылығы үшін күрделі деп атады.

ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири сенбі күні сөйлеген сөзінде аймақтағы жағдай мен өзгерістерді күрделі деп атап: «Иран қазіргі жағдайда қарулы күштердің айбындылығымен аймақта жоғары қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ие» деді.

Жаһангири Иран ислам республикасының әлемдік және аймақтық өзгерістерге бей-жай қарай алмайтындығын қуаттай келе: «Бөгделердің араласуы мен әсірешілдік аймақ тұрақсыздығының факторы болып табылады» деді.

ИИР президентінің бірінші орынбасары сондай- ақ қарсыласу экономикасын алға жылжытуды қуаттап: «Иран қоқан-лоққылар мен санкцияның қиын жағдайынан өткен» деді.

 

.

 

Тегтер