Велаяти: АҚШ – ДАИШ тобын құрудың негізгі факторы
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы АҚШ-ты аймақтағы ДАИШ лаңкестік тобын құрудың негізгі факторы деп атады.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сенбі күні Теһрандағы «ДАИШ идеясы мен практикасы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімінде Пакистанның Балучестан аймағында кейбір Талибан медреселерінің пайда болуы мен АҚШ-тың оларға қолдау көрсету жоспарына сілтеме жасап: «АҚШ-тың Кувейттегі елшісі осы медреселердің құрылуында маңызды рөл атқарды. Енді сол медреселер экстремистік топтарды құрып отыр.
Экстремисттік әсірешіл топтардың соңынан енді бүгінде ДАИШ лаңкестік тобы пайда болды. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ДАИШ лаңкестік тобын АҚШ құрды деп ашық айтқан болатын.
ДАИШ лаңкестік тобы сионистік режиммен бірге әрекет етеді»,- деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри елінің негізгі мақсатының Сириядағы Башар Асад үкіметін ауыстыру екенін мойындап: «Вашингтон осы мақсатта ДАИШ тобын құрған болатын»,- деді.