Иран Президенті баспасөз отырысын өткізді
(last modified Mon, 07 Mar 2016 08:24:56 GMT )
Нау 07, 2016 14:24 Asia/Almaty
  • Иран Президенті  баспасөз отырысын өткізді

ИИР Президенті Хасан Рухани халықтың сенімін Иранның исламдық республика жүйесінің өміршеңдігі үшін мықты тірек деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметінше, ИИР Президенті жексенбі күні Теһранда өткен баспасөз отырысында 26-шы ақпан күнгі діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісі мен Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауларына тоқталып: «Иран халқы бұл сайлауларда қайтадан жүйе мен Ислам революциясының жетекшісіне сенім артатындықтарын көрсетті, сайлауға жаппай қатысып, дауыс беру арқылы әлемді таңырқатты. Иран халқының бірауыздан діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісі мен Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауларына қатысуы исламдық жүйенің негіздерін бұрынғыдан бетер күшейтті. Үкімет те сындарлы сайлау өткізуге бар күшін салды»,- деді.

Иран Президенті Иранға салған Батыстың санкцияларының күшінің жойылғанына тоқталып: «Иран мен «алтылық»тобының ядролық келісіміне дейін «ИИР әлемдік бейбітшілікке қатер төндіруде» деген уәждер айтылды, алайда бүгін Иран әлемдік қауымдастықтағы маңызды мемлекетке айналды. Бүгінде Иранда орнатылған қауіпсіздік аймақтың еш мемлекетінде жоқ»,- деп мәлімдеді.