ДАИШ Ресейге лаңкестік шабуылмен қоқан-лоққы жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i2287
Лаңкестік ДАИШ тобы бейне материалында Ресейге лаңкестік шабуылмен қоқан-лоққы жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2016 14:52 Asia/Almaty
  • ДАИШ Ресейге лаңкестік шабуылмен қоқан-лоққы жасады

Лаңкестік ДАИШ тобы бейне материалында Ресейге лаңкестік шабуылмен қоқан-лоққы жасады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресейдің ақпарат құралдары жексенбі күні: «Лаңкестік ДАИШ тобы ғаламторда бейне материал жариялап, Ресейге лаңкестік шабуылмен қоқан-лоққы жасады»,- деп хабарлады. Бұл бейнефильмнің басында Ресейдің Дағыстан республикасындағы лаңкестерді тасымалдайтын көлік жарылысы көрсетіледі. ДАИШ тобы бұл жарылыс пен екі полицияның өлімінің жауапкершілігін өз мойнына алған болатын. Бейнефильмнің жалғасында бір адамға өлім жазасының іске асырылуы көрсетіледі. Бұл адам ДАИШ мүшелері ұрлаған Ресейдің барлау ұйымының мүшесі көрінеді.

Ресейдің ресми басшылары жарияланған бейнематериал мен ДАИШ-тың қоқан-лоққылары туралы әлі пікір білдірген жоқ.