Революцияның мәртебелі жетекшісі аятолла Хашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
(last modified Mon, 09 Jan 2017 08:57:19 GMT )
Қаң 09, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Революцияның мәртебелі жетекшісі аятолла Хашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Хазірет аятолла Хаменеи бюросының ақпарат тарату торабының жазба еңбектерді сақтау және жариялау бөлімі Ислам революциясы жетекшісінің аятолла Рафсанджанидің қазасына байланысты көңіл айтқан хатын жариялады:

بسم‌الله الرحمن الرحیم

انّا لله و انّا الیه راجعون

Ескі досым, майдандасым әрі Ислам қозғалысы кезіндегі жолдасым және Ислам Республикасы кезеңінің көптеген жылдары бірге қызмет жасаған әріптесім, құрметті ходжат ул-ислам уа ал-муслимин шейх Акбар Хашеми Рафсанджани қажының қайтыс  болғаны жайлы қаралы хабарды қайғы мен өкінішпен қабылдадым.

Елу тоғыз жыл бойы әріптес әрі дос болып жүрген жолдас пен жанашырыңнан айрылу өте ауыр әрі қасіретті екен.

Осы ондаған жылдар ішінде басымызға көптеген қиындықтар мен ауыртпашылықтар түсті. Біздің пікірлестігіміз мен ортақ мүдделеріміз бізді талпыныс, төзім мен тәуекелдің ортақ жолында сан рет тоғыстырды.

Ол кісінің сол жылдардағы көрегендігі мен қайталанбас адалдығы онымен әріптес болған барлық адамдар үшін, әсіресе мен үшін берік тірек болды.

Бұл ұзақ кезең ішіндегі арамыздағы келіспеушіліктер мен әртүрлі иджтихадтарға қарамастан, ешқашан Кербаладағы Абулфазл мен имам Хосейн кесенелерінің арасында басталған достығымызға нұқсан келтіре алмады.

Ол кісі шахқа қарсы күрескерлердің алғашқы буынының теңдессіз үлгісі болып табылады әрі сол қатерге толы жолда азап шеккендердің бірі болды. Елдің қауіпсіздік және барлау ұйымының (САВАК) азаптаулары мен зынданда болуы, осылардың бәріне қарсы күресу, сондай-ақ Қасиеті қорғаныс пен Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер кеңесін басқару және тағы да басқа істердегі қатерлі жауапкершіліктер бұл күрескердің өмірінің жарқын сәттері болып саналады.

Хашемидің қазасынан соң тарихтың шарықтаулар мен құлдырауларға толы сан түрлі кезеңдерінде ұзақ уақыт бойы ортақ тәжірибеге ие басқа ешкімнің жоқ екенін түсіндім. Қазір ол ұлы күрескердің түрлі талпыныстары мен жасаған ғамалдары толығымен илаһи таразыға салынып жатыр. Бұл Ислам Республикасының барша басшысының тағдыры.

Ол кісіге шын жүректен Алланың мейірі мен рақымын тілеймін. Марқұмның құрметті жұбайы, балалары, ағалары мен басқа да жақын-туыстарына көңіл айтамын!

Сейед Әли Хаменеи

1395 жыл, дей айының он тоғызы.

 

Тегтер