Марқұм аятолла Акбар Һашеми Рафсанджанидің қысқаша өмірбаяны
Рафсанджани Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Акбар Һашеми революция мен Ислам жолында жігерлі әрі күреске толы ғұмыр кешкен соң жексенбі күні түнде сексен екі жасында Теһранда дүние салды.
Аятолла Акбар Һашеми Рафсанджани 1934 жылы Керман облысының Бахреман ауылында дүниеге келген. Ол хиджри шамси күнтізбесі бойынша қырқыншы жылдардың басында білімін жалғастыру мақсатында Құм қаласындағы діни семинарияға аттанып, сонда Пехлеви үкіметіне қарсы күрескерлердің қатарына қосылды.
Имам Хомейни (р.) мен Ислам революциясының ескі досы шах үкіметіне қарсы күрескені үшін бірнеше рет құрықталып, абақтыға қамалды. Алайда, алға қойған мақсаттарынан тайынбай, ИРИ-ның негізін қалаушыны жалғыз қалдырмады.
Иран Ислам Республикасының жеңісімен аятолла Һашеми Рафсанджани алғашында Иранның Ішкі министрлігін басқарып, кейін бірнеше кезең қатарынан Ислам кеңесі мәжілісіне төрағалық етті. Қасиетті қорғаныс жылдары ұзақ уақыт бойы Иранның Қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.
Марқұм аятолла Һашеми Рафсанджани 1989-1997 жылдар аралығында төрт жылдық екі кезең қатарынан ИРИ-ның президенті болды. Одан кейін Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің үкімімен Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы болып тағайындалып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарды.
Аятолла Һашеми Рафсанджани Мәжіліс депутаты және Басқарма кеңесінің мүшесі ретінде Эксперттер кеңесінің барлық кезеңдерінде қызмет атқарды.
Сонымен қатар, 2007-2011 жылдары марқұм Һашеми Рафсанджани жетекшінің Эксперттер кеңесіне төрағалық етті.