Революцияның мәртебелі жетекшісі Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазын оқиды
(last modified Mon, 09 Jan 2017 16:30:35 GMT )
Қаң 09, 2017 22:30 Asia/Almaty
  • Революцияның мәртебелі жетекшісі Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазын оқиды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының қоғамдық қатынастар бөлімінің орынбасары: «Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ертең, сейсенбі күні таңертең аятолла Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазын оқиды» деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының қоғамдық қатынастар бөлімінің орынбасары Хамза Халили ИРНА-ға берген сұхбатында: «Аятолла Һашеми Рафсанджанидың отбасының соңғы шешімі бойынша Жүйе мүддесін анықтау алқасы төрағасының мәйіті Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің кесенесінің ішіне жерленетін болды.

Аятолла Һашеми Рафсанджаниды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең таңертең сағат 10:00- да Теһран университетінен басталады» деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының марқұм төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанимен қоштасу рәсімі бүгін дүйсенбі күні таңертең Теһрандағы Джамаран хосейниесінде президент, мемлекеттік және әскери басшылар мен Иран халқының түрлі таптарының қатысуымен өтті.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджани жексенбі күні кешке жүрек талмасынан Теһрандағы "Таджриш шәһидтері" ауруханасында дүние салды.

 

 

Тегтер