Шамхани: Һашеми Рафсанджани – Ислам революциясының негізгі тіректерінің бірі
(last modified Tue, 10 Jan 2017 08:47:54 GMT )
Қаң 10, 2017 14:47 Asia/Almaty
  • Шамхани: Һашеми Рафсанджани – Ислам революциясының негізгі тіректерінің бірі

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы аятолла Һашеми Рафсанджаниды революцияның тарихындағы Ислам революциясының негізгі тіректерінің бірі деп атады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани дүйсенбі күні Теһрандағы Джамаран діни мекенінде Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанимен қоштасу рәсімінің аясында журналистердің алдында: «Аятолла Һашеми Рафсанджани Ислам революциясының көсемі имам Хомейни мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятола Хаменеидің басшылығы аясында Иран Ислам революциясының  өткен қырық жылындағы көптеген дағдарыстарды шешу саласында маңызды рөл атқарды. Аятолла Һашеми Рафсанджани әрқашан имам Хомейни мен аятолла Хаменеидің қасында болып, еш уақытта жеке саяси партия немесе саяси ағымның мүддесіне іс-әрекет жасамады»,- деді.

 

 

Тегтер