Аятолла Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазын Ислам революциясының жетекшісі оқыды
(last modified Tue, 10 Jan 2017 08:52:23 GMT )
Қаң 10, 2017 14:52 Asia/Almaty
  • Аятолла Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазын Ислам революциясының жетекшісі оқыды

Аятолла Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазының имамы Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи болды.

Аятолла Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазының имамы Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи болды.

Иран Телерадио бірлестігінің  Шетелдік торабының қазақ тіліндегі бағдарламасының мәліметі бойынша, бүгін сейсенбі күні аятолла Хаменеи Теһран Университетінің алаңында Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы марқұм аятолла Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазын оқыды.

Иранның үштік билігінің басшылары да Ислам революциясы жетекшісінің артынан аятолла Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазын оқыды. Сонымен бірге бұл рәсімге халықтың әртүрлі таптары, жақтастары, достары, сондай-ақ саяси топтар мен партиялардың танымал азаматтары қатысты. 

Жүйе мүддесін анықтау алқасы төрағасының мәйіті Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің кесенесінің ішіне жерленетін болды.

 

 

Тегтер