Иран аятолла Һашеми Рафсанджанидің қазасын аза тұтуда
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Акбар Һашеми революция мен Ислам жолында жігерлі әрі күреске толы ғұмыр кешкен соң сексен екі жасында жүрек талмасына ұшырап, Теһранда көз жұмды.
Һашеми Рафсанджани Иран қоғамынан шығып, өмірін өз қалауымен билеп-төстеуші жүйеге қарсы күрес пен ағартушылық жұмыстарына арнады. Оның өмірі революция жолындағы талпыныс болып, есімі исламдық қозғалыстың іргетасын қалаушылардың қатарына қосылды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Һашеми Рафсанджанидың баршаның, әсіресе өзінің сенімді үзеңгілесі болғанын қуаттады.
Иран Ислам революциясының жеңісімен аятолла Һашеми Рафсанджани Қорғаныстық Жоғарғы кеңестің төрағасы, Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы, Иран Ислам Республикасының президенті, Эксперттер мәжілісінің төрағасы міндеттерін атқарды. Аятолла Һашеми Рафсанджани жұма намазының құтпалары мен Ислам Кеңесі мәжілісінің, сонымен қатар Эксперттер мәжілісінің төрағасы міндеттерін атқарған кезде де «Исламдық бірлікті нығайтып, алауыздықтар мен дұшпандықты жою үшін біздің әртүрлі міндеттеріміз бар» дейтін. Һашеми Рафсанджани саясат, іскерлік және экономика саласының азаматы болып, заманның қажеттіліктерін жақсы түсініп, саяси, қоғамдық, экономикалық және мәдени тақырыптарға қатысу қажеттілігін сезген кезде бүкіл мүмкіндігімен саяси сахнаға қадам басып, қоғамдағы бірлік пен революцияның негіздері мен құндылықтарын тұрақтандыруға талпыныс жасады.
Бірлікті қуаттап, әлемдік алпауыт елдердің билігін қабылдамау Рафсанджанидың сөздерінің негізгі өзегі болды. Ол исламдық бірлік жиналыстарында заманауи мәселені баяндап, бұл ағымды іске асыруға талпынды. Һашеми Расанджани ислам әлемінің сындарлы стратегиясын бүкіл дүниемен достық қарым-қатынас орнату және келіссөздер жолын ашық қалдыру деп атап, әрқашан Батыстағы Ислам дінін теріс көрсету әрекеттерін мақсатты деп санайтын. Бүгін де әлемдік үстемшілердің нәтижелері Һашеми Рафсанджанидің сөздерінен байқалғанын сөздерді айтып отырғанын көріп отырмыз.
Һашеми Рафсанджани кеңес жұмыстарына қатысты. Ол ислам әлеміндегі кейбір консерватор саясаткерлердің ортасынан алға шығып, егер қайшылықтар осылай арта беретін болса, мұсылмандардың бірлігі орнатылмайды деген болатын.
Аятолла Хашеми Рафсанджани АҚШ пен басқа билікқұмар құдыреттердің саясаттарын қатты сынап, Палестинаның езілген халқының құқықтарын қолдау жолында бар күшін аямады. Ол әрқашан сионистік режимді дағдарысқа тіреп, анық ұстанымын білдіріп: «Израиль басқа елді қиратып, сол жерде мемлекет құрып, миллиондаған адамды босқынға айналдырды» деп баса айтты.
Хашеми Рафсанджани аймақтың, соның ішінде Ирактың жағдайы туралы да: «Ирактағы әр түрлі діни мазхабтардың жақтастары мен тайпалары арасындағы қайшылықтар бұл елдің халқы мен біз үшін у сынды»,- деген.
Ол ислам әлемінің мүмкіндіктеріне сенім артып, ислам әлемі дүниежүзі халқының төрттен бірін құрайтын 1 миллиард 600 мың мұсылманының дүниежүзі өнімдерінің 20 пайызын шығарып, ең жақсы стратегиялық және геополитикалық аймақта орналасып, адамды тәрбиелейтін мектептің аясында өмір сүріп, халықаралық сахнада белсенділік танытуы керек деп санаған. Оның пікірінше, егер ислам әлемі деп аталатын алпауыт құдырет бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтса және бауырластық жарғы негіздеріне сүйеніп, сахнаға қадам басса, діндер, мазхабтар мен мектептер тұрғысынан теңдессіз жиынды құрайды. Ислам әлемінің дұшпанымен күресудің орнына өзара қайшылықтарға шырмалғаны дұрыс емес. Осыған орай ол әлемдік үстемшілерді мұсылмандардың арасындағы қайшылықтарға жауапты деп атап, мұсылмандарды басқаларға тәуелді етуге мұрсат бермеген жөн деп ескертті.
Бүгін халық осы күрескер тұлғамен қоштасып отыр. Бірақ оның талпыныстары Иран халқы үшін құнды мирас және келешек ұрпақ үшін үлгі болып қалады.