Бүгін Иран халқы аятолла Һашеми Рафсанджаниды жерледі
(last modified Tue, 10 Jan 2017 14:48:55 GMT )
Қаң 10, 2017 20:48 Asia/Almaty

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Иран ислам республикасының негізін қалаушының кесенесінде жерленді.

Бүгін, сейсенбі күні исламдық Иранның миллиондаған халқы Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанидың мәйітін Теһран университетінен ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейнидің кесенесіне дейін ақтық сапарға шығарып салды.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла улузма Хаменеи Теһран университетінде аятолла Һашеми Рафсанджанидың жаназа намазын оқыды. Аятолла Һашеми Рафсанджанидың мәйітін ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне мемлекеттік және әскери қайраткерлер мен Теһранда тұратын бір топ шетелдік елшілер қатысты.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының  төрағасы жексенбі күні кешке жүрек талмасынан Теһрандағы ауруханалардың бірінде дүние салды.

 

Тегтер