Әртүрлі елдердің басшылары аятолла Рафсанджанидың қазасына байланысты көңіл айтты
(last modified Tue, 10 Jan 2017 15:40:35 GMT )
Қаң 10, 2017 21:40 Asia/Almaty
  • Әртүрлі елдердің басшылары аятолла Рафсанджанидың қазасына байланысты көңіл айтты

Түрлі елдердің басшылары мен тұлғалары Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасы төрағасының қазасына байланысты көңіл айтты.

Ресей СІМ-нің арнайы өкілі сейсенбі күні Мәскеудегі Иран Ислам Республикасының елшілігінде болып, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты көңіл айтты.

Аятолла Һашеми Рафсанджанидің қазасына байланысты Мәскеудегі Иран елшілігінде ресейлік және шетелдік қайраткерлер мен басшылар көңіл айтқан сөздерін жазу үшін марқұмды еске алу дәптері ашылып, елшіліктің туы жартылай желбіретілді.

Үндістандағы шетел өкілдері мен елшілері де Нью-Делидегі Иран Ислам Республикасының елшілігінде болып, аятолла Һашеми Рафсанджанидың мәртебесіне құрмет көрсетті.

Сондай-ақ аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты бүгін Үндістанның астанасы Нью-Делиде Иран Ислам Республикасының жалауы жартылай желбіретілді.

Қырғызстандағы Иран елшілігінде де аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты естелік жазу дәптері ашылды.

Армения премьер-министрі  Карен Карапетян да Ееревандағы Иран елшісі сейіт Казем Саджадимен кездесуде аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Иранның Түркия, Словения, Зимбабве және Сенегалдағы елшілігі де Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты тұлғалар қолтаңба қалдыруы үшін еске алу дәптерін ашты.

Иран Ислам Республикасының жалауы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Сирия, Түркия және Мысырда Жүйе мүддесін анықтау алқасы төрағасының қазасына байланысты жартылай желбіретілді.

Ирак Күрдістаны аймағының басшысы Масуд Барзани де бүгін сейсенбі күні аятолла Һашеми Рафсанджанидың қазасына байланысты ислам республикасының президенті мен Иран халқына көңіл айтты.

 

 

Тегтер