Қаң 11, 2017 20:39 Asia/Almaty
  • Иран – әлем саяхатшылары үшін қауіпсіз ел

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының төрайымы Иранды барлық елдердің саяхатшылары үшін қауіпсіз ел деп атады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының төрайымы Захра Ахмадипур Теһранда Франция елшісі Франсуа Санамоны қабылдауда: «Туристік агенттіктер мен Францияның ақпарат құралдарына Иранның туристік тартымдылықтарын таныстыру саяхатшылар мен Франция халқы үшін Иранның шынайы кеңістігін баяндай алады» деді.

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының төрайымы мемлекеттер арасындағы мәдени әріптестіктің өзара құрмет пен бейбітшілікке негізделген байланыс орнататынын айтып: «Иран осы ұстаныммен өзге елдермен ұстамдылық және бейбітшілікпен бірге қисынды байланыс орнату бағытында әрекет етеді.

Иранның қолөнер бұйымдарының молдығы мен Франция халқының көркем туындыларға қызығушылығына байланысты Иранның қолөнер бұйымдарын Францияға экспорттау көлемін арттырудың шешім жолдарына назар аудару керек» деді.

Теһрандағы Франция елшісі Франсуа Санамо да Иран мәдениетінің болмысын Франция халқы үшін таныс деп бағалап: «Француздық саяхатшыларды Иранға сапар шегуге шақырамыз, өйткені Иран аймақтағы ең қауіпсіз елдердің бірі болып табылады» деді.

 

 

Тегтер