Хашеми Рафсанджаниды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдеріне миллиондаған адамның қатысуы бірліктің белгісі
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы осы алқаның марқұм төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджаниды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдеріне миллиондаған адамның қатысуын құрметтің, сондай-ақ, бірлік пен жетекшіге деген сенімнің белгісі деп атады.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи Теһран жұма намазы құтпаларының алдында жасаған баяндамасында Иран халқына аятолла Хашеми Рафсанджанидың қайтыс болуына орай көңіл айтып: "Марқұм имам Хомейнидің ескі досы болды. Ол соңғы сәтке дейін Ислам революциясы жетекшісінің қасынан табылып, оның серігі әрі кеңесшісі болды" деп қуаттады.
Резаи Иран халқының Ислам револциясының тіректерінің бірінен айрылғанын айтып: "Аятолла Хашеми Рафсанджаниды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдерінің ауқымды түрде өтуі Иран халқының сөздері мен ұрандарының велаят факиһпен бірлікті және марқұм аятолла Хашеми Рафсанджанидың тұлғасына білдірілген құрметті көрсетті" деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы сонымен қатар Иранның аймақтағы қазіргі жағдайына тоқталып: "ИИР қазір көріп отырған қысымдарға қарамастан, лаңкестермен күресу үшін бар күшін салған аймақтағы жалғыз ел" деді.