Рухани: Һашеми Рафсанджаниды жерлеу рәсімінде Иран халқының бірлігі көрінді
ИИР президенті имам Хомейнидің (р.) кесенесінде Қасиетті Құранның «Фатиха» сүресін оқып, гүл шоғын қойып, аятолла Һашеми Рафсанджаниды еске алып, Алла Тағаладан ол кісіге илаһи рақым мен кешірім тіледі.
Иран президенті Хасан Рухани жұма күні ИИР-ның негізін қалаушы аятолла Хомейнидің кесенесі мен аятолла Һашеми Рафсанджанидың қабіріне зиярат жасаған соң, тілшілерге берген сұхбатта: «Ислам жолындағы джиһад пен жанкештілік, әсіресе әртүрлі мәселелерді шешуде парасаттылық, байсалдылық пен ұстамдылық таныту аятолла Һашеми Рафсанджанидың жеке қасиеттерінің қатарын құрады. Иран халқы осы ұлы адамның жолы мен бағытын таңдайды»,- деді.
Рухани Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының марқұм төрағасын жерлеу рәсімін барлық фракциялар мен топтардың бірлігі мен Иран халқының уақыт пен мекенді тани білетінін көрсеткендігіне назар аудартып: «Ол күні барша әлемге Ислам жүйесінің бірлігі мен ынтымағын көрсетті»,- деді.
Иран Ислам Республикасының президенті имам Хомейни (р.) мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісінің жақын досы аятолла Һашеми Рафсанджанидың көз жұмуын Иран халқы үшін ауыр қайғы деп атап: «Ол кісі революция мен Ислам қозғалысының қиын-қыстау кезеңінде халыққа қамқор болды. Иран халқы да марқұмды жерлеу рәсімдері кезінде революция мен Иран Ислам Республикасы жүйесінің қызметшілеріне деген өздерінің шынайы адалдықтарын көрсетті»,- деді.