Аятолла Хашеми Рафсанджанидың жетісі имам Хомейнидің (р.) кесенесінде өтті
(last modified Mon, 16 Jan 2017 07:31:25 GMT )
Қаң 16, 2017 13:31 Asia/Almaty
  • Аятолла Хашеми Рафсанджанидың жетісі имам Хомейнидің (р.) кесенесінде өтті

ИИР президенті Хасан Рухани мен үкімет мүшелері, елдің үкіметтік және әскери жоғары лауазымды тұлғалары мен қайраткерлері, діни тұлғалар мен үлемдер, діни азшылықтар мен халықтың түрлі табының өкілдері имам Хомейнидың (р.) кесенесінде жиналып, аятолла Хашеми Рафсанджаниды құрметпен еске алды.

Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің тергеу комитетінің басшысы Әли Акбар Натеқ Нури жексенбі күні кешке аятолла Хашеми Рафсанджанидың қазасының жетісіне байланысты ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесенесінде өткізілген рәсімде сөйлеген сөзінде: «Иран халқының аятолла Хашеми Рафсанджанидың жетісіне байланысты рәсімге жаппай қатысуы – олардың Ислам революциясының жетекшісіне деген құрмет пен сүйіспеншілігінің дәлелі»,- деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшелері табандылық пен сабырлықты аятолла Хашеми Рафсанджанидің келесі бір ерекшелігі деп атап: «Марқұм көптеген қиындықтарға қарамастан рухын түсірмей, көрегенділігімен әрдайым ұлттық мүдделерді мақсат етіп, Иранның тек дамып, өркендеуі жолында талпыныс жасады»,- деді.

Натеқ Нури Ислам мен революция қағидаларына табандылық көрсетуді Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының марқұм басшысының келесі бір қасиеті деп атап: «Революция мен Ислам революциясы жетекшісінің жеке тұлғасы аятолла Хашеми Рафсанджани үшін ешқашан саудаға салмайтын «екі қызыл сызық» болды»,- деп баса айтты.

 

Тегтер