Шамхани мемлекеттердің Сириядағы демократия қағидаларын құрметтеуі қажеттігін қуаттады
Иран ислам республикасы ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Кейбір елдердің, атап айтқанда Американың Сирияның келешегі жөнінде шешім қабылдауға тырысуы демократия қағидалары мен ұлттардың өз тағдырын белгілеу құқығына қайшы келеді» деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани "Теһранның сыртқы саясатты зерттеуі» атты альманахқа берген сұхбатында: «Сирия мен осы елдің заңды президенті Башар Асадты қолдау Иранның қарсыласу майданын қорғау және лаңкестікке тосқауыл қою стратегиясы шеңберінде.
Аймақтағы келеңсіздіктер барлық елдер үшін зиянды, тек сионистік режим үшін ғана пайдалы. Түркия мен Сауд Арабиясы сияқты елдер өз мақсатын белгілеуі тиіс, өйткені олар да Батыс елдерінің аймақты бөлу жобасының ілгерілеуінен аман қалмайды.
Кейбір пікірлерге қарамастан Иран Сауд әулетінің құлауын көксемейді, керісінше Сауд Арабиясы билігін құлату жолындағы талпыныстарды ауыздықтауды қалайды, өйткені Сауд әулетінің құлауы ешқашан оның орнына ойдағыдай билік келеді дегенді білдірмейді» деді.