Имам Резаның кесенесі орналасқан кешенді басқарушы тағайындалды
Нау 07, 2016 22:38 Asia/Almaty
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің үкімімен Иранның Бас прокуроры, Сот билігінің бұрынғы бірінші орынбасары әрі Эксперттер мәжілісіндегі Хорасан облысы халқының өкілі және діни жетекшінің Хорасан облысындағы өкілі худжатул ислам уалмуслимин сейіт Ибраһим Райс әс- Садат (Раиси) имам Резаның кесенесі орналасқан кешенді басқарушы ретінде тағайындалды.
Имам Реза кесенесі орналасқан кешеннің бұрынғы басқарушысы әрі Хорасан Разави, Солтүстік және Оңтүстік Хорасан облыстарындағы діни жетекшінің өкілі аятолла Аббас Уаэз Табаси 4- ші наурызда жұма күні таңертең 80 жасында көз жұмды.
Тегтер