Рухани: Иран Американың "Ортақ қадам" келісіміне кедергі келтіруіне тосқауыл қояды
https://itolqyn.com/news/iran-i23332
ИИР президенті «Иран ислам республикасы Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау үдерісіндегі уәде бұзушылығына тосқауыл қояды» деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 17, 2017 21:13 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Американың

ИИР президенті «Иран ислам республикасы Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау үдерісіндегі уәде бұзушылығына тосқауыл қояды» деп баса айтты.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда "Ортақ қадам" келісіміне бір жыл толуына байланысты өткізген ақпарат отырысында Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау үдерісіндегі уәдені бұзуы мен кедергі келтіруіне сілтеме жасап: «Иран халқы мен үкіметі уәдені бұзушылыққа айбынмен қарсы тұрып, Иранның ұлттық мүддесінен қайтпайды» деді. ИИР президенті "Ортақ қадам" келісімі күшіне енген соң Иранға қарсы ядролық санкциялардың барлығының күші жойылғанын ескерді.

Рухани сондай- ақ Иранды аймақ пен әлемдегі ықпалды ел деп атап: «Әлемдегі түрлі мәселелер бойынша Иран белсенді де ықпалды ойыншы саналады» деді.

ИИР президенті сонымен бірге Иранға үрке қарауды бұрыс деп атап: «Иран аймақ пен әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнатылуын мақсат етеді» деді.