Рухани: Иран елге еңбегі сіңген адамдарды ешқашан ұмытпайды
ИИР президенті "Иран ислам республикасының бойына жаңа рух еніп, үміт дарыды" деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани Иранның орталығындағы Йезд облысы халқының үлкен басқосуында: «Қаһарман Иран елге еңбектері сіңген адамдарды ешқашан ұмытпайды. Революцияның ұлылығы үшін еңбек еткендер бүгін Иранның мақтанышы болып отырғандар. Олардың есімдері мен ұлылығын ешкім өшіре алмайды.
Иранның ұлы және қаһарман халқы 26- шы ақпандағы сайлауда үлкен істі тындырып, әлемді таң қалдырды. Сайлауда бір топ екінші топты жеңген жоқ, барлық топтар бірдей жеңіске жетті.
Осы сайлауда ахлақ ахлақсыздықты, бірқалыптылық пен ұстамшылдық әсірешілдікті жеңді. Бүгінгі күні сайлаулардан кейін еңселі де көркейген Иранды жасау үшін қол ұстасып, бірлік және үйлесімділікпен Иранды құруымыз керек» деді.