Рухани: Иран елге еңбегі сіңген адамдарды ешқашан ұмытпайды
https://itolqyn.com/news/iran-i2335-Рухани_Иран_елге_еңбегі_сіңген_адамдарды_ешқашан_ұмытпайды
ИИР президенті "Иран ислам республикасының бойына жаңа рух еніп, үміт дарыды" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 07, 2016 22:48 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран елге еңбегі сіңген адамдарды ешқашан ұмытпайды

ИИР президенті "Иран ислам республикасының бойына жаңа рух еніп, үміт дарыды" деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани Иранның орталығындағы Йезд облысы халқының үлкен басқосуында: «Қаһарман Иран елге еңбектері сіңген адамдарды ешқашан ұмытпайды. Революцияның ұлылығы үшін еңбек еткендер бүгін Иранның мақтанышы болып отырғандар. Олардың есімдері мен ұлылығын ешкім өшіре алмайды.

Иранның ұлы және қаһарман халқы 26- шы ақпандағы сайлауда үлкен істі тындырып, әлемді таң қалдырды. Сайлауда бір топ екінші топты жеңген жоқ, барлық топтар бірдей жеңіске жетті.

Осы сайлауда ахлақ ахлақсыздықты, бірқалыптылық пен ұстамшылдық әсірешілдікті жеңді. Бүгінгі күні сайлаулардан кейін еңселі де көркейген Иранды жасау үшін қол ұстасып, бірлік және үйлесімділікпен Иранды құруымыз керек» деді.