ИИР президенті құлаған Plasco ғимаратын көріп қайтты
Қаң 21, 2017 14:34 Asia/Almaty
ИИР президенті мен бірқатар Үкімет мүшелері Теһранда құлаған Plasco ғимаратын көріп қайтты.
Бейсенбі күні таңертең Теһранның Ислам республикасы көшесінде орналасқан Plasco сауда орталығының өртеніп, опырылып құлауы салдарынан Иранның бірнеше азаматы мен өрт сөндіру қызметкерлері қаза болып, жарақат алды.
ИИР президенті Хасан Рухани бүгін таңертең құлаған Plasco сауда орталығын көру кезінде орын алған оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, ғимарат қирандылары астында қалған адамдарды шығару мақсатындағы жұмыстарды жалғастыруды қуаттады.
Рухани бұл апаттың шығындарын өтеу мәселесіне сілтеме жасап: «Теһран мен Иранның басқа аймақтарындағы ескірген ғимараттар жаңартылуы тиіс»,- деді.
Тегтер