Иран мен Ресейдің жоғары дәрежелі қайраткерлері Сирия мәселесі туралы кеңесті
https://itolqyn.com/news/iran-i235-Иран_мен_Ресейдің_жоғары_дәрежелі_қайраткерлері_Сирия_мәселесі_туралы_кеңесті
Ислам Революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Әли Акбар Велаяти мен Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев кездесіп, Сирия мәселелері жөнінде кеңесті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 02, 2016 18:44 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің жоғары дәрежелі қайраткерлері Сирия мәселесі туралы кеңесті

Ислам Революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Әли Акбар Велаяти мен Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев кездесіп, Сирия мәселелері жөнінде кеңесті.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Велаяти мен Лаврентьев осы кездесуде Иран, Ресей, Ирак пен Сирияның ИСИМ лаңкестік тобына қарсы төрттік коалиция щеңберіндегі ынтымақтастықтары туралы сұхбаттасты.

Осы кездесуде екі тарап аймақтағы түрлі мәселелер, әсіресе Сирияның мәселелері үшін жан-жақты саяси шешім жолын табу туралы ортақ пікірлер білдіріп, "сириялық-сириялық" шешім жолы мен осы елдің өз тағдырын бөгделердің араласуынсыз және лаңкестік топтардың қатысуынсыз анықтаудағы хақын қуаттады.

Велаяти дүйсенбі күні Ресейдің Стратегиялық зерттеу институты басшысының шақыруымен ресми түрде Ресейге сапар шегіп, осы елдің жоғары дәрежелі қайраткерлерімен кездесті.