Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары аймақтық өзгерістер туралы кеңесті
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары аймақтық елдердегі, соның ішінде Сирия, Йемен, Ливан мен Палестинадағы өзгерістер туралы кеңесті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ресми сапармен Иранда жүрген Ресей Президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі өкілі әрі Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов дүйсенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Амир Абдуллахианмен кездесті.
ИИР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен бұл кездесуде Женевада өтетін «сириялық-сириялық» келіссөздерінің жаңа кезеңі қарсаңында Мәскеу мен Теһран саяси жолды Сирия дағдарысының жалғыз шешім жолы ретінде қуаттап, ұлттық бітім мен диалог үдерісін нығайту мақсатында екі елдің кеңесулерін қажет іс деп атады.
Ресей Президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі өкілі Богданов Иран мен Ресейдің үздіксіз кеңесулері мен екі елдің Азияның батысы туралы пікір алмасуларын, аймақтық мәселелерді саяси жолмен шешуге, қиындыққа ұшыраған елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қайта қайтаруға көмектесуін қажет іс деп атап, Сирияның барлық әлеуметтік топтары мен партиялары өкілдерінің келешектегі диалогқа қатысуы қажеттігін қуаттап, мұны диалогтың сәтті болуының басты шарты деп мәлімдеді.
Тараптар, сондай-ақ, Сирияның бірлігі мен біртұтастығын сақтау қажеттігін қуаттады.