Кувейт Сыртқы істер министрі Теһранда Зарифпен кеңесті
(last modified Wed, 25 Jan 2017 15:33:49 GMT )
Қаң 25, 2017 21:33 Asia/Almaty
  • Кувейт Сыртқы істер министрі Теһранда Зарифпен кеңесті

Кувейт Сыртқы істер министрі Теһранда Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрімен кездесіп, әртүрлі мәселелер туралы сұхбаттасты.

Кувейт Сыртқы істер министрі шейх Салех әл-Халед әл-Ахмад әс-Сабах және Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, сәрсенбі күнгі кездесуде екіжақты ынтымақтастық, аймақтық және халықаралық өзгерістермен қатар Иран мен Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің байланысы туралы сұхбаттасты.

Шейх Салех әл-Халед әл-Ахмад әс-Сабах сондай-ақ Теһранға жасаған бір күндік сапарында ИИР президентімен кездесуді және президентке Кувейт әміршісі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Жабер әс-Сабахтың хатын табыс етуді жоспарлап отыр.

Кувейт Сыртқы істер министрі осыдан бұрын Теһран сапарының қарсаңында Кувейт қаласында өткізген ақпарат отырысында Иран ислам республикасымен әріптестік пен сұхбаттасуды қуаттап, Кувейтті Иранның аймақтағы серіктесі деп атады.