Қаң 26, 2017 09:57 Asia/Almaty
  • Арақчи: Қауіпсіздік саласындағы қауіп- қатерлерге тосқауыл қою үшін ынтымақтастық жасау қажет

Иран ислам республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қауіпсіздік саласындағы кез-келген қауіп-қатерге тосқауыл қою үшін мемлекеттердің халықаралыық салада ынтымақтастық жасауы керектігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары сейіт Аббас Арақчи сәрсенбі күні Теһранда есірткі заттармен күрес полициясының басшыларымен өткен отырыста Иранның қоғамдық тәртіп күшінің түрлі негіздерде, әсіресе есірткі заттармен күрес саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтарын қанағаттандырарлық деп атады.

Арақчи бір елдің жалғыз өзінің түрлі қауіп- қатерлерге тосқауыл қоя алмайтынын мәлімдеп: «Халықаралық мұрсаттарды көбірек пайдалану керек, өйткені халықаралық қауымдастық үшін Иран ислам республикасының есірткі заттармен күрес саласындағы еңбектері толығымен таныс емес» деді.

Аракчи ақша жылыстыру мен лаңкестікті халықаралық қос қауіп- қатер деп атап: «Осы қауіп-қатерлерге тосқауыл қою өзге елдермен ынтымақтастық жасаудың арқасында жүзеге асады деді. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары есірткі заттармен күресу жолында төрт мыңнан астам адамның шәһид болғанын тілге тиек етіп, Иранның қоғамдық тәртіп күштерінің есірткі заттармен күрес саласында жақсы көрінгенін баса айтты.

 

 

Тегтер