Электр сымдарының айқас тұйықталуы – Теһрандағы "Plasco" ғимараты оқиғасының бірінші себебі
Қаң 26, 2017 21:40 Asia/Almaty
Иран ислам республикасының Ішкі істер министрі "Plasco" ғимараты оқиғасының орын алуының бірінші себебін электр сымдарының айқас тұйықталуы деп мәлімдеді.
Иран Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли Теһрандағы "Plasco" ғимараты оқиғасында бірнеше өрт сөндіруші мен қарапайым халықтың қаза болуына байланысты көңіл айтып: «"Plasco" ғимараты оқиғасының себебін қарастыруда табылған алғашқы нәтиже ғимараттағы электр сымдарының айқас тұйықталуы» деп мәлімдеді. Теһранның "Ислам республикасы" көшесінде орналасқан "Plasco" ғимараты өткен аптаның 19-ші қаңтар күні өртеніп, толығымен құлаған болатын.
Тегтер