Теһрандағы Plasco ғимаратының қирандыларын жинау жұмыстары аяқталды
Теһран қаласы әкімшілігінің қалалық қызмет көрсету басқармасы төрағасының орынбасары өрт салдарынан құлаған Plasco ғимаратының қирандыларын жинау жұмыстарының жұма күні кешке аяқталғанын мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Моджтаба Яздани: "Қирандыларды жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін Plasco ғимаратының оңтүстік және солтүстік жағынан дуал тұрғызу жұмыстары басталды. 9 тәулік бойы жалғасқан Plasco ғимаратының қирандыларын тазарту жұмыстары барысында 20 мың тонна қоқыс пен темір-терсек 1700 жүк көлігімен шығарылды" деді.
Plasco ғимараты өртенген кезде Иранның өрт сөндірушілерінің дер кезінде жетіп, жанкештілік көрсетуі осы ғимараттың құлауы кезінде үлкен апаттың орын алуының алдын алды. Ирандағы джиһадтық әрі адамгершілікке тән әрекет туралы хабар қысқа уақыт ішінде әлемге таралды.
Осы оқиғада Иранның 16 өрт сөндірушісі шәһид болып, 4 қарапайым азаматы қаза тапты.
Теһранның Төтенше жағдай орталығының қоғамдық қатынас бөлімінің төрағасы да Plasco ғимаратының құлау оқиғасында жараланғандардың санын 235 адам деп жариялады.
Украина президенті Петр Порошенко жұма күні кешке Иран президенті Хасан Руханиге хат жолдап, Plasco оқиғасында аман қалғандарға тілектестік білдірді.