Рухани: Иран – бейбітшілік пен достық елі
https://itolqyn.com/news/iran-i23775
Иран президенті Иран ислам республикасының тарихта әрдайым бейбітшілік пен достық орнатуды мақсат еткенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 28, 2017 23:14 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран – бейбітшілік пен достық елі

Иран президенті Иран ислам республикасының тарихта әрдайым бейбітшілік пен достық орнатуды мақсат еткенін мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда экскурсия жетекшілерінің әлемдік конвенциясы саммитінде сөйлеген сөзінде: «Иранда мешіт пен шіркеудің жанында илаһи діндерді ұстаушылар бейбіт қатар өмір сүреді.  Иранның мәжілісінде да зардушттер, мәсихилер мен яһудилердің мұсылмандармен бірге депутаттары бар.

Иранның жеті мың жылдық мәдениеті мен өркениетінің аймақ және әлемдегі ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі ұлттардың бір-бірімен байланысуы болып табылады. Бүгін ұлттар арасына қорған салатын кез емес. Егер ұлттардың арасында қорған болса, оны бұзып, ұлттардың  арасын жақындату керек» деді.

Рухани Иранның аймақтың бейкүнә халықтарын лаңкестікке қарсы қолдау көрсету әрекеттеріне тоқталып: «Егер Иран Ирак пен Сирияның халқы мен армиясына көмек көрсетпегенде, бүгін Дамаск пен Бағдадқа лаңкестер билік жүргізіп отырған болар еді» деді.

Иран президенті ислам революциясының арайлы он күндігі және Иран ислам революциясының 1979 жылғы жеңісіне де сілтеме жасап: «Иран халқы үлкен ғажайыптар тудырып, осыдан 38 жыл бұрын ешбір ел, ешбір күш немесе ешбір алпауыт елдің көмегінсіз өз мәдениеті, діні және асқақ армандарына иек арту арқылы үлкен революцияны жеңіске жеткізді» деді.