Құм қаласының рухани қайраткерлері Бахрейн билеушілерінің қылмыстарына қатысты ескерту жасады
Қаң 29, 2017 22:15 Asia/Almaty
Құм қаласының рухани қайраткерлері Халифе әулеті режимінің Бахрейннің шиіттері мен үлемдеріне қарсы қылмыстарын айыптады.
Танымал рухани қайраткерлер аятолла Хосейн Нури Хамадани және аятолла Насер Макарем Ширази Халифе әулеті режиміне Бахрейн шиіттері мен үлемдеріне жасап отырған зорлық-зомбылықтарына қатысты ескерту жасады. Құмдағы діни білім ордасының оқушылары мен ұстаздары да жексенбі күні "Фейзие" медресесіне жиналып, Бахрейн әкімдерінің адамгершілікке жат шараларын айыптады.
Тегтер