Иран президенті мен үкімет мүшелері имам Хомейнидің (р) армандарына адалдыққа ант берді
(last modified Mon, 30 Jan 2017 13:03:37 GMT )
Қаң 30, 2017 19:03 Asia/Almaty
  • Иран президенті мен үкімет мүшелері имам Хомейнидің (р) армандарына адалдыққа ант берді

ИИР президенті мен үкімет мүшелері Ислам революциясы жеңісінің отыз сегізінші жылдығы қарсаңында имам Хомейнидің (р) кесенесінде Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының армандарына жетуге қайта ант берді.

ИИР президенті мен үкімет мүшелері Ислам революциясы жеңісінің отыз сегізінші жылдығы қарсаңында имам Хомейнидің (р) кесенесінде Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының армандарына адалдыққа ант берді.

Иран президенті Хасан Рухани, министрлер мен олардың орынбасарлары, кеңесшілері және президент әкімшілігіне қарасты ұйымдардың басшылары бүгін дүйсенбі күні имам Хомейнидің (р) кесенесінде жиналып, ол кісіні еске алып, ИИР негізін қалаушының армандарына адалдыққа ант берді.

ИИР президенті мен жанындағы делегациясы Ислам революциясының сол кесенеде жерленген басқа да шәһидтерінің қабірлеріне зиярат етті.

Сонымен қатар, Иранның мемлекеттік басшыларының бүгінгі бағдарламасы Теһрандағы «Беһеште Заһра» зиратында жерленген сегіз жылдық Қасиетті қорғаныс шәһидтерінің қабірлеріне зиярат жасаумен аяқталды.

Ертең бахман айының он екінші жұлдызы, яғни қаңтар айының отыз бірі – имам Хомейнидің (р) Иранға қайтып оралған күннің жылдығы. Сондай-ақ ертеңнен бастап Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігі басталады.