Бруджерди: АҚШ пен Ұлыбритания – ДАИШ-ты құрушы елдер
(last modified Tue, 31 Jan 2017 09:09:22 GMT )
Қаң 31, 2017 15:09 Asia/Almaty
  • Бруджерди: АҚШ пен Ұлыбритания – ДАИШ-ты құрушы елдер

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы АҚШ пен Ұлыбританияны аймақ пен әлем қауіпсіздігіне қоқан-лоққы келтіруші ДАИШ лаңкестік тобын құрушылар деп атады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Әлаеддин Бруджерди дүйсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иран лаңкестікпен шынайы күресуде. Бұл екі елде Ирак пен Сирияның шақыруымен кеңесші ретінде қатысуда. Иранның Ирак пен Сирияда кеңесші ретінде қатысуы ДАИШ-ты құрушылардың алаңдауына себеп болуда. Иран лаңкестерге қарсы шынайы күресуде. Сондықтан АҚШ пен Ұлыбританияға бұл топты аймақ халықтарының мүдделеріне қарсы пайдалануға рұқсат етпейді» деді.

Батыс үкіметтері әсіресе АҚШ пен Ұлыбританияның ДАИШ сынды лаңкестік топтарға қолдау көрсетуі Таяу Шығыс аймағындағы, соның ішінде Ирак пен Сирия халықтарының қырылуы мен босқынға айналуына себеп болды.