Иран Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінің мерекесі басталды
(last modified Tue, 31 Jan 2017 09:30:17 GMT )
Қаң 31, 2017 15:30 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінің мерекесі басталды

Бүгін, баһман айының 22-сі, сәйкесінше қаңтар айының 31 күні Иран Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінің салтанатты рәсімі басталды.

Иран Ислам революциясының «Фаджр»  онкүндігі салтанатты рәсімі бүгін, таңертең сағат 9:33-те ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейнидің еліне қайтып оралу сәтінің жылдығымен орайлас ұлы имамның кесенесі мен Иранның жер-жеріндегі мектептерде басталды. Имам Хомейнидің «Бехеште Заһрада» сөз сөйлеген жері гүлге оранды. Бұл тарихи күнге құрметтің белгісі ретінде шіркеулер мен мектептердің қоңырауларының, кемелер мен поездардың үндері естілді.

Бүгін сонымен бірге таңертеңнен бастап халықтың әртүрлі таптары, шәһидтердің отбасылары, елдің әскери және үкімет басшыларының қатысуымен ИИР-ның іргетасын қалаушының қасиетті кесенесі мен Теһрандағы Меһрабад әуежайында, сондай-ақ исламдық Иранның жер-жерінде Иран Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінің рәсімдері өтті.

 

 

Тегтер