Астара темір жолы наурыз айының аяқ шеніне дейін Әзірбайжан республикасына қосылады
(last modified Tue, 31 Jan 2017 17:42:41 GMT )
Қаң 31, 2017 23:42 Asia/Almaty
  • Астара темір жолы наурыз айының аяқ шеніне дейін Әзірбайжан республикасына қосылады

Иран ислам республикасының Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Махмуд Ваэзи: «2017 жылдың наурыз айының аяқ шеніне дейін Иранның солтүстігіндегі Астара темір жолы Әзірбайжан республикасы мен Ресейге қосылады.

Астара темір жолының Әзірбайжан республикасына қосылуымен Ираннан экспорттық тауарларды темір жол арқылы тасымалдау арзан болады» деді. Әзірбайжан республикасының темір жолын Иранға қосу келісімшартының құжатына 2015 жылдың қазан айында Астарада екі елдің экономикалық ынтымақтастықтар бірлескен комиссиясының отырысында қол қойылды. Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі сондай-ақ экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында Ресей, Армения, Беларуссия, Қазақстан және Қырғызстан елдерімен келіссөздердің жүріп жатқанын мәлімдеді.