«Фаджр» онкүндігіне орай Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің кесенесіне зиярат жасады
Иран Ислам революциясының жетекшісі «Фаджр» онкүндігіне орай имам Хомейнидің қасиетті кесенесі мен Беһешти Заһра зиратындағы шәһидтердің қабірлеріне зиярат жасап, Иранның Ислам республикасының іргетасын қалаушы мен шәһидтерді еске алды.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сонымен бірге Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының марқұм төрағасы Һашеми Рафсанджанидың қабірінің басында Құран оқып, ол үшін илаһи рақым мен кешірім сұрады.
Ислам революциясының жетекшісі содан соң жетінші тир және үкімет шәһидтерінің қабірлерін аралап, шәһид Беһешти, шәһид Раджаи мен шәһид Бахонар мен басқа да шәһидтерді еске алып, мадақтады. Хазірет сонымен бірге Ислам революциясы, қасиетті қорғаныс, пайғамбар әулетінің қасиетті кесенелерінің қорғау және «Plasco» оқиғасындағы өрт сөндіру кезінде шәһид болғандардың қабірлеріне зиярат етіп, барлық жанкештілерді еске алып, Алладан олар үшін жоғары мәртебе тіледі.