Шамхани Францияда «Монафеқин» лаңкестік тобының еркін әрекет етіп жатқанын сынады
(last modified Wed, 01 Feb 2017 08:11:10 GMT )
Ақп 01, 2017 14:11 Asia/Almaty
  • Шамхани Францияда «Монафеқин» лаңкестік тобының еркін әрекет етіп жатқанын сынады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысы «Монафеқин» лаңкестік тобының Францияда еркін әрекет етуін сынап, бұл топқа көрсетілген әрбір қолдаудың Иранға дұшпандық жолдауын жеткізетінін баса айтты.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сейсенбі күні Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эромен Теһрандағы кездесуінде «Монафеқин» лаңкестік тобы мүшелерінің Иранның жоғары лауазымды басшылары мен қарапайым азаматтарын өлтіру қылмыстарына тоқталып: «Мұнафықтардың қылмыстары және олардың сегіз жылдық соғыс кезінде Ирактың диктаторы Саддаммен тікелей ынтымақтастық жасауы еш уақытта Иран халқының есінен кетпейді»,- деді.

Шамхани сионистік режимнің қалашықтар құрылысы мен Газа секторын қоршауға алуына қарсылық білдіруге қатысты Париж конференциясының өткізілуіне тоқталып: «Сионистік режимнің басқыншылығы мен қылмыстарымен қарсыласу үшін халықаралық қысым қажет. Сондықтан Еуропа анық жолдаулар ұсынып, осы саладағы өз міндетін орындауы керек»,- деп қуаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Сауд Арабиясының Йемен халқына қарсы әскери әрекеттерінің күшейіп, Йемен халқының қырылуына алаңдаушылық білдіріп, еуропалық мемлекеттер мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің сол қылмыстарға үнсіздік танытуын сынады.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро де кездесуде сөйлеген сөзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі кезеңдегі Иран мен Францияның саяси және экономикалық қарым-қатынастарының перспективасын айқын деп бағалады.

 

 

Тегтер