Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу – дипломатияның сәтсіздікке ұшырауы
(last modified Wed, 01 Feb 2017 08:15:21 GMT )
Ақп 01, 2017 14:15 Asia/Almaty
  • Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу – дипломатияның сәтсіздікке ұшырауы

ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына келтірілген кез келген нұқсанның халықаралық сахнадағы дипломатияның сәтсіздікке ұшырауы екендігін қуаттады.

ИИР Президенті сейсенбі күні Теһранда Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эромен кездесуінде: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы халықаралық шиеленісті мәселелерді келіссөздер арқылы шешуге болады деген жолдауды жеткізді. Сондықтан барлық мемлекететр оны сақтап, одан әрі іске асыруға талпыныс жасауы керек. Өйткені аталмыш келісімге тигізілген кез келген соққы әлемге «Дипломатия мәселелерді шеше алмайды» деген қатерлі жолдауды жеткізуі мүмкін. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі  растағандай, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындады. Енді барлық тараптар кейінге қалдырмай, оның баптарын орныдауға міндетті»,- деді.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро де бұл кездесуде  «Барлық тараптар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын халықаралық жетістік ретінде қорғауы керек. Еуроодақ аталмыш келісімді қорғау туралы ортақ ұстанымға  ие»,- деді.