Рухани: 12-ші баһман – Иран тарихындағы ұмытылмас күн
https://itolqyn.com/news/iran-i23897
ИИР Президенті имам Хомейнидің еліне оралған 12-ші баһманның Иран тарихындағы ұмытылмас күн екенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 01, 2017 14:23 Asia/Almaty
  • Рухани: 12-ші баһман – Иран тарихындағы ұмытылмас күн

ИИР Президенті имам Хомейнидің еліне оралған 12-ші баһманның Иран тарихындағы ұмытылмас күн екенін қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранның батысындағы Альборз облысының халқы және мәдени-қоғамдық қайратерлерімен кездесуінде «Фаджр» онкүндігімен құттықтап: «12-ші баһман – барлық ирандықтардың азаттығы мен үмітінің, сонымен бірге имам Хомейнидің арқасында зұлымдық пен үстемдіктен құтылған күн»,- деді.

Рухани сонымен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иран халқының табандылығы мен қарсыласуының, сондай-ақ Ислам революциясы жетекшісінің нұқсауларының нәтижесі деп атап: «АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ашу-ызасының ең маңызды себебі – ядролық мәселеге қатысты келісімде Иранның уран байыту құқығының ресми түрде қабылдануында.

Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан бір жыл өткен жағдайда жақсы жетістіктерге жетті. Бүгін Иранда 8AR центрифугаларымен және бұрынғыдан 20 есе жылдамдықпен уран байыту мүмкін іске айналды»,- деді.