Иранның ғарыш саласындағы үш жетістігінің тұсаукесері өтті
ИИР президенті Ғарыштық технология күні рәсімінде "Нахид-1", "Әмир Кабир үндеуі" жерсеріктері мен "Саман-1" құрылғысының тұсауын кесті.
"Нахид-1" Иранның ғарыштық зертханасының жерсерігі құрылғыларының зертханасында жобаланып жасалған Иранның тұңғыш коммуникациялық жерсерігі болып табылады.
"Әмир Кабир" технологиялық университетінде жобаланып жасалған "Әмир Кабир үндеуі" жерсерігі 40 метрден жоғарырақ нақтылықпен бейнеге түсіру мен сақтау және қолданушылардың үндеулерін жөнелту функциясын орындап, жергілікті құрылғымен ұшырылатын ғарыштық сәулелерді сынайды.
"Саман-1" орбитаға жеткізу құрылғысы да Иранның ғарыштық зертханасының ғарыштық тасымалдау құрылғылары зертханасында жобаланып жасалған және жерсеріктерді жердің төменгі орбиталарынан жоғарырақ орбиталарға жеткізу үшін қолданылады.
Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Ғарыштық технология ұлттық күнінің тоғызыншы жылдығында Иранның ғарыштық зертханасы жетістіктерінің көрмесін де аралады.
Ғарыштық Технология ұлттық күні Иранның жерсерігін ұшыру әлеуетіне ие елдердің қатарына қосылуына себеп болған 2008 жылы "Үміт" жерсерігін сәттілікпен ұшыруының жылдығы болып табылады.