Жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i23977-Жұма_намазының_құтпалары
Теһран жұма намазының имамы зымырандық сынақтарды Иранның ұлттық қуатының көрінісі деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 04, 2017 13:08 Asia/Almaty
  • Жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы зымырандық сынақтарды Иранның ұлттық қуатының көрінісі деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері Иранның жуырдағы зымырандық сынақтарын әлемдегі Иранның ұлттық қуатының көрінісі деп атады.

Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпагері аятолла сейіт Ахмад Хатеми Батыстың «Иран зымырандық сынақ өткізіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзды» деген уәжіне сілтеме жасап: «Иранның зымырандық қуат мәселесі ядролық келісім мен «Ортақ қадам» бағдарламасында қамтылмаған. «Ортақ қадам» бағдарламасының жалғыз кемшілігі АҚШ тарапынан Иранға қарсы онжылдық санкциялардың жаңартылуы болып табылады»,- деді.

Аятолла Хатеми АҚШ президентінің жеті мұсылман елінің, соның ішінде Иран азаматтарының бұл елге сапар шегуіне тыйым салуы туралы жарлығын айыптады.

Теһран жұма намазының құтпагері Трамптың бұл шешіміне қатысты АҚШ-тағы және Еуропа елдеріндегі наразылықтарға сілтеме жасап: «АҚШ-тың көптеген әскерилері солардың қолынан қаза болып жатқан әлемдегі лаңкестер мен әсірешіл ағымдарға қолдау көрсетуші ел – Сауд Арабиясы АҚШ-қа сапар шегуге тыйым салынған елдердің тізімінде жоқ»,-деп мәлімдеді.

Хатеми Ислам революция жеңісінің 38-ші жылдыңына сілтеме жасап: «Биыл бахманның жиырма екінші жұлдызындағы Иран халқының салтанатты шеруге қатысуы тағы да әлемді таң қалдырады»,- деді.