Иран: АҚШ-тың жаңа санкциясы № 2231 қарарға қайшы
(last modified Sat, 04 Feb 2017 08:22:08 GMT )
Ақп 04, 2017 14:22 Asia/Almaty
  • Иран: АҚШ-тың жаңа санкциясы № 2231 қарарға қайшы

Иран СІМ АҚШ үкіметінің ирандық және ирандық емес адамдардың есімдері мен мекемелердің атауларын Вашингтонның заңсыз трансшекаралық санкцияларының тізіміне қосу әрекетін АҚШ-тың міндеттемелеріне сай емес және Қауіпсіздік кеңесінің № 2231 қарарына қайшы деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ жұма күні кешке жасаған мәлімдемесінде: «Иранның зымырандық қуатының артуы тек қорғаныстық және қарапайым қару түрлерін тасымалдау мақсатын көздейді әрі заңды қорғаныс кезінен басқа ешуақытта  қолданылмайды. Иран халқының құқығы халықаралық құқықтар мен БҰҰ-ның жарғысына негізделген. Осы мәселеге байланысты кез-келген араласушылық әрекет халықаралық құқықтардың нормаларын бұзушылық саналады және кез-келген елдің немесе институттың құзіретінен тыс болып табылады»,- деді.

ИИР СІМ ИИР қауіпсіздігінің талқыланбайтын мәселе екендігіне сілтеме жасап: «АҚШ үкіметінің ойластырылмаған әрекеттері ИИР-ын аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда және лаңкестік пен әсірешілдікпен күресудегі негізгі саясатын қадағалау мен жалғастырудан бас тартқыза алмайды»,- деді.

АҚШ үкіметінің ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында АҚШ-ның Қаржы министрлігі жұма күні өзінің интернет сайтында АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының тізіміне жеке және заңды 25 тұлғаны қосты.