Ақп 04, 2017 18:32 Asia/Almaty
  • Теһранның шығысындағы қар көшкінінен үш адам қаза болды

Теһран облысының әкімі: «Теһранның шығыс бөлігінде болған қатты боран мен қар көшкіні салдарынан Хараз-Абали трассасындағы төрт көліктегі үш адам қаза тауып, екі адам тірі қалды»,- деп мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Теһран облсының әкімі Сейед Хасан Һашеми жұма күні Теһранның шығысындағы қар көшкіні болған жерде тілшілерге берген сұхбатында: «Жауапты қызметкерлер құтқару операциясын тездетуге бар күштерін салып жатыр»,- деді.

ИИР Темір жол мекемесінің қоғаммен байланыс басқармасының бас директоры Садеқ Сокари Теһранның шығысындағы Хараз және Фирузкуһ трассасындағы 300 жолаушыны Горган мен Сариден Теһран бағытындағы пойыздар арқылы құтқарылғаны туралы хабарлады.

Бейсенбіден бері Иранның көптеген облыстарында қар мен жауын-шашын тоқтамай тұр.

 

Тегтер