Әлемнің 39 елінің экскурсия жетекшілері Исфаханға келді
https://itolqyn.com/news/iran-i24049
Әлемнің 39 елінің экскурсия жетекшілерінің «Конвенция-2017» деген туры Иранның орталығындағы Исфахан қаласында басталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 05, 2017 23:13 Asia/Almaty
  • Әлемнің 39 елінің экскурсия жетекшілері Исфаханға келді

Әлемнің 39 елінің экскурсия жетекшілерінің «Конвенция-2017» деген туры Иранның орталығындағы Исфахан қаласында басталды.

Аталмыш шара бүгін, жексенбі күні түрлі елдердің, соның ішінде Австрия, Франция, Грекия, Таиланд, Ұлыбритания және Америкадан келген 240 экскурсия жетекшілерінің қатысуымен басталып, 2 күн бойы өтеді.

Осы мерзім ішінде әлем туризмінің 2017 конвенциясының мүшелері Иранның мәдени және тарихи мекендерін аралап, Исфахан тарихи қаласы халқының салт-дәстүрімен танысатын болады.

Әлемнің экскурсия жетекшілері конвенциясының турын өткізуші ел жыл сайын осы конвенцияның әлемдік ассамблеясында оның барлық мүшелерінің қатысуымен дауыс берілген соң Чехияның Прага қаласында тағайындалады.

Иран ислам республикасы өткен жылы өзінің тарихи және мәдени мүмкіндіктерін таныстырып, халықаралық турды өз жерінде өткізу мүмкіндігіне қол жеткізді.