Рухани: "Ортақ қадам" келісімі басқа келіссөздер үшін үлгі болып табылады
https://itolqyn.com/news/iran-i24111
ИИР президенті "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасының аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату мақсатындағы басқа келіссөздер үшін үлгі бола алатынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 07, 2017 20:04 Asia/Almaty
  • Рухани:

ИИР президенті "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасының аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату мақсатындағы басқа келіссөздер үшін үлгі бола алатынын айтты.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда «Жыл кітабы» жүлдесінің 34-ші кезеңінде: «Қазақстанның елордасы Астанада Сирия дағдарысын шешу үшін өткен келіссөздер "Ортақ қадам" келісімінің тұрақтылық орнататын үлгі бола алатындығын көрсетті» деді.

Қаңтардың 23-24 күндері Астанадағы алғашқы отырыс Иранның бастамашылдығымен Ресей мен Түркия және Сирия үкіметі мен оның қарсыластары өкілдерінің ынтымақтастығымен өтіп, Сирияның заңды үкіметінің өкілдері алғаш рет қарулы қарсыластардың өкілдерімен бетпе-бет және тікелей келіссөз жүргізді. Аймақ пен әлемнің қиыншылықтарын тек пікірлесіп шешуге болады» деді.

Президент мүбарак «Фаджр» он күндігіне сілтеме жасап: ««Фаджр» он күндігі қисын мен дәлелдің алпауыт елдердің  түрлі әскери және қауіпсіздік құралын жеңген күндерін еске түсіреді» деп қуаттады.