Рухани: "Ортақ қадам" келісімі басқа келіссөздер үшін үлгі болып табылады
ИИР президенті "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасының аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату мақсатындағы басқа келіссөздер үшін үлгі бола алатынын айтты.
ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда «Жыл кітабы» жүлдесінің 34-ші кезеңінде: «Қазақстанның елордасы Астанада Сирия дағдарысын шешу үшін өткен келіссөздер "Ортақ қадам" келісімінің тұрақтылық орнататын үлгі бола алатындығын көрсетті» деді.
Қаңтардың 23-24 күндері Астанадағы алғашқы отырыс Иранның бастамашылдығымен Ресей мен Түркия және Сирия үкіметі мен оның қарсыластары өкілдерінің ынтымақтастығымен өтіп, Сирияның заңды үкіметінің өкілдері алғаш рет қарулы қарсыластардың өкілдерімен бетпе-бет және тікелей келіссөз жүргізді. Аймақ пен әлемнің қиыншылықтарын тек пікірлесіп шешуге болады» деді.
Президент мүбарак «Фаджр» он күндігіне сілтеме жасап: ««Фаджр» он күндігі қисын мен дәлелдің алпауыт елдердің түрлі әскери және қауіпсіздік құралын жеңген күндерін еске түсіреді» деп қуаттады.